Новости

2019 жылдың 30 сәуірі күні мектебімізде «1 мамыр -Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесіне орай «Достық әнін жырлайық» атты мерекелік концерт оздырылды.

Ағымдағы жылдың 26 сәуірі күні мектебімізде жазушы Б.Майлиннің 125 жылдық мерейтойына орай және оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау, кітап оқуға деген қызығышылығын арттыру, көпшілік алдында сөйлеу мәнерін қалыптастыру мақсатында «Жазушы өмірінің бір белесі» атты READx жобасы жалғасын тапты.

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында «Қазақстан-мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы аясында «Жақсылық жасауға асығайық» атты қайырымдылық акциясы оздырылды. Қайырымдылық акциясына мектепішілік қамқоршылық кеңес төрайымы Нұргүл Елемесқызы, кеңес мүшесі Алия Энгельсқызы және жеке кәсіпкер Армат Жайлауұлы демеушлік білдірді. Мектеп-интернатымыздың тәрбиеленушілеріне мейірім нұрын сепкен алтын жүректі жандарға алғыс білдіреміз!