Бірлік күні аталып өтілді

2019 жылдың 30 сәуірі күні мектебімізде «1 мамыр -Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесіне орай «Достық әнін жырлайық» атты мерекелік концерт оздырылды.

Бұл мереке барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірдің рәмізі, ал бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім —  мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы екендігін оқушыларға дәріптеуге бағытталды. Айтулы мерекеде еліміздегі ұлттар достығы мен ынтымағы әрдайым берік болсын демекпіз!