«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі

М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында ағымдағы жылдың 1-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»  атты дәстүрлі  онкүндік өткізілуде.

1 ақпан күнгі саптық жиында онкүндіктің ашылу салтанаты өткізіліп, ашылу салтанаты барысында мектеп оқушылары мен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Г.Кажиева ұстаздар қауымы мен мектеп қызметкерлеріне жылы лебіздерін білдіріп, құттықтау хаттарын ұсынды. Оқушылардың бойына мәңгілік адамзаттық құндылықтарды сіңіртіп, өмірден өз орнын адаспай тауып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мақсатында сынып жетекшілер тарапынан 5-11 сынып оқушыларына тәрбие «Мейірімділікті анадан, әдептілікті данадан үйрен» атты тәрбие сағаттары оздырылып, «Ел анасына арналады» атты бұрыш жабдықталды.