«ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ – БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ» АТТЫ ТӘРБИЕЛІК ШАРА

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз» атты тәрбиелік шара өткізілді. Аталмыш шараға БҚО арнайы мониторинг тобының мүшесі Акишев  Асқар Ашуұлы қатысты.

Шара барысында қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлық» туралы түсінік беріліп, бейнероликтер көрсетіліп, жағдаяттар талданды. Сонымен бірге, арнайы мониторинг тобының мүшесі  Асқар Ашуұлы оқушыларға сыбайлас  жемқорлыққа қарсы мәдениет пен парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған түсінік жұмыстарын жүргізді.