«Жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу бүгінгі күннің маңызды талабы» атты коучинг

М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында  ағымдағы жылдың 22 қаңтар күні педагогикалық кеңесте қазіргі қоғамымыздағы ата-ана мен оқушы немесе оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты айқындап, жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеуде ұстаздардың белсенділігін, жауапкепшілігін нығайту мақсатында «Жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу бүгінгі күннің маңызды талабы» атты коучинг өткізілді.

оучинг барысында ұстаздарды 3 топқа (ата-ана, мұғалім, қоғам тобы) бөліп, бейнероликтер көрсетілді. Көрсетілген бейнеролик желісінде аталған топтарға «Әлеуметтік желіге оқушылардың тәуелділігін жою», «Тәрбиедегі зорлық-зомбылықты болдырмау»,  «Бала тәрбиесіндегі мұғалім мәртебесі мен жауапкершілігі» атты тақырыптар ұсынылып, әр топ белсенділікпен жұмыстарын қорғай білді.

Коучинг соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасып, ұсыныстар қабылдады.