Жеңісті күн

2019 жылдың 13 ақпаны күні Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қазақ әдебиетінің бәйтерегі, танымал ақын Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған «Толағай тұлға тарлан еді» тақырыбында облыстық мектеп оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы оздырылды.

Сөз мәдениетін жандандыру, авторды құрметтеу және шығармаларын оқырмандар арасында кеңінен насихаттау мақсатында  өткен шараға 75-ке жуық  оқушы қатысып, өз бақтарын сынады. Қосымша білім беру педагогы Зарина Махабатқызының жетекшілігімен М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернаты атынан 8а-сынып оқушылары Қабенова Аружан мен Нұрлан Аина қатысып, мектебіміздің намысын қорғап қайтты. Аталмыш байқау нәтижесі бойынша А.Қабенова «Алғыс хатпен» және А.Нұрлан ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.