Жас зерттеушілеріміздің бағы жанды

2019 жылдың 21 ақпаны күні «Туған жер» бағдарламасы  шеңберінде «Мен туған өлкемді зерттеймін» атты облыстық ғылыми зерттеу  конференциясы  оздырылды. Аталмыш жас зерттеушілердің алаңына біздің мектебіміздің қосымша білім беру педагогы З.Гатауллинаның ұйымдастыруымен,  биология, география пәндерінің мұғалімдері Б.Сатдыкова, Л.Мухитова, Б.Ескендировтердің жетекшілігімен  9а-сынып оқушылары Н.Байзуллина мен А.Ұзақбаева, 10б-сынып оқушысы Г.Құттығали қатысып, өздерінің  зерттеу еңбектерін қорғап қайтты. Конференция нәтижесі бойынша мектебіміздің намысын қорғаған жас зерттеушілеріміздің үшеуінің де бағы жанып, ІІІ дәрежелі Дипломмен және сыйлықпен марапатталды.