«Жас Ұлан» ұйымының жиыны

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімінің салтанатты жиыны.

      2017 жылдың 12 желтоқсаны күні сағат 1530-да мектебімізде кең көлемде ҚР Тәуелсіздік күніне орайластырылып,  өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімінің салтанатты жиыны өтті.Салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті. Жас ұлан балалар ұйымына 11 оқушы өтіп, ант қабылдады. Мойындарына туымыз түстес көгілдір галстук пен кеуделеріне төсбелгі тағылды.  Қабылданған оқушыларды құттықтауға мектеп әкімшілігімен қоса, арнайы қонақтар шақырылды. Сонымен қатар жиын соңында оқушыларды құттықтап, әндер айтылып, би биленді.