«Жаратылыстану әлемі – тұңғиық, қол жеткізбес тым биік» апталығы

2017 жылдың 23-27 қазан күндері  аралығында   «Жаратылыстану әлемі – тұңғиық, қол жеткізбес тым биік»  атты жаратылыстану пәндер  бірлестігінің апталығы өтті. Апталық аясында ашық сабақтар, танымдық ойындар, сайыстар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, «Флора әлемінің ғажайыптары», «Жаратылыстану алаңы», «Химия ұландары», «Жұлдызды сәт», «Жаратылыстану жәрмеңкесі». Ұйымдастырылған іс-шаралар оқушылардың ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамытуға бағытталған.

 

«Әлемнің ғажайып үш тірегі» апталығы

 

       2017  жылдың 19 – 22 желтоқсан аралығында «Әлемнің ғажайып үш тірегі» тақырыбында математика, физика және информатика апталығы өтті. Апталық аясында түрлі іс – шаралар ұйымдастырылды. Мұғалімдер ұйымдастырған іс – шаралар  заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өтті.

 

5-сыныптар үшін «Білгірлер бәйгесі», 6-сыныптар арасында «Математикалық казино», 7-сыныптар үшін «Информатика білімпаздары» атты интеллектуалды турнир және 8-9 сыныптар оқушыларға арналған «Ғажайып физика» тақырыбында сайыстар ұйымдастырылды. Аптаның соңында шаралар  қорытындыланып, сайыстарға қатысып, белсенділік танытқан  оқушылар марапатталды.