«Жарқын болашақта» оқушымыз жарқырады

2018 жылдың 23-24 ақпан күндері облыстық білім басқармасы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім – Инновация» мектеп-лицей-интернаты және «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Оздырылған өнер мен білім байқауында мектебіміздің 11б-сынып оқушылары М.Қоблан «Сөз шеберлері» номинациясы бойынша М.Өтемісұлының «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңін нақышына келтіре оқыса, В.Жұмағалиева «Жазушылар» номинациясы бойынша арнайы тақырып  эссе жазса, 7а-сынып оқушысы Е.Жандаулетов «Әнші бұлбұлдар» номинациясына қатысып,  «Мен қазақтың баласымын» әнін шырқады. Байқау қорытындысы бойынша М.Қобланның «Жарқын болашақта» жұлдызы жарқырап,  ІІІ орын жүлдегер «Дипломымен»  марапатталды.