«Жақсылық жасауға асығайық» атты қайырымдылық акциясы

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында «Қазақстан-мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы аясында «Жақсылық жасауға асығайық» атты қайырымдылық акциясы оздырылды. Қайырымдылық акциясына мектепішілік қамқоршылық кеңес төрайымы Нұргүл Елемесқызы, кеңес мүшесі Алия Энгельсқызы және жеке кәсіпкер Армат Жайлауұлы демеушлік білдірді. Мектеп-интернатымыздың тәрбиеленушілеріне мейірім нұрын сепкен алтын жүректі жандарға алғыс білдіреміз!