Жүйріктер бақ сынасты

Мақсаты: Оқушыларға күнделікті ойнап жүрген Рубик кубигі туралы толық ақпарат беру, олардың бойында көшбасшылық қабілеттерін дамыту, жылдамдық пен ептілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

    Сайыс барысында мектеп тәлімгері Бисоков А.С. Рубик кубигінің тарихымен, ойыншықты ойлап тапқан өнертапқыштың өмірбаянымен таныстырған соң, сайыс кезеңдері мен спидкуберлерді таныстырып өтті.

1.     Бір түс жинау бойынша уақыты.

2.     Алты түс жинау бойынша уақыты.

«Жас Ұлан» ұйымының спорт және мәдениет секторлары 10а-сынып оқушылары (Бекарыс, Нұрсәт, Тимурхан, Алмат) әділ қазы алқасы болып, сайыскерлердің кубикті құрау уақытын қатаң қадағалап отырды.

Сайыс төменгі (6-8 сыныптар) және жоғарғы буын (9-11 сыныптар) арасында өтті. Жалпы есепте төменгі буында 1,18 секунд уақытпен 6-сынып оқушысы Жасқайратқызы Айшат оза шықса, жоғарғы буында 0,57 секунд жылдамдықта барлық түсті құрастырып 11-сынып оқушысы Дамирұлы Аманкелді жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарға кубоктар табыс етілді.