«Қызым үйде, қылығы түзде»

Мектебімізде 2018 жылдың 4-13 қазан аралығында Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндік өткізілуде.

Халықаралық қыздар күні қыздардың құқықтарын және бүкіл әлемде олардың тап болатын мәселелерінің ерекшеліктерін мойындау белгісі ретінде 2012 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланған болатын. Онкүндіктің мақсаты – қыздардың білім алу, медициналық қызметті алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу құқықтарын жүзеге асыру. Қыздар мен әйелдердің құқықтарын бұзу үшін жағдайлар жасайтын стереотиптерді жеңу, ерте және мәжбүрлі некелерді теріс құбылыс ретінде айыптайтын қоғамдық пікір қалыптастыру. Аталмыш онкүндік аясында мектеп психологі Тулешова Гүлсая Мұратханқызы ағымдағы жылдың 12 қазанында 8-11 сыныптың қыз балаларына арналған «Қызым үйде, қылығы түзде» атты сұхбат алаңын өткізді. Сұхбат алаңына ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, айтыскер ақын, зейнеткер ұстаз Қыдырниязова Шолпан Батырқызы мен қалалық №6 емхананың балалар гинекологі Ахметкалиева Ирина Қайратқызы,  8-11 сыныптың қыз балалары және мектептің ұстаздар қауымы қатынасты.Сұхбат алаңы барысында Шолпан Батырқызы қыз баласында болатын әдеп пен имандылық, қазақтың намысы, ары, болмысы-қыз тәрбиесімен бағаланатынын айтса, балалар гинекологі Ирина Қайратқызы жасөспірім қыздарымыздың дамуында болатын өзгерістер жайында кеңес берді.

Конференция соңында «Қазақ қызы» әні орындалып, қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасып және ұстаздар қауымына алғыстарын білдірді.