«Туған жер.Экология.Мен» ғылыми конференциясы

2018 жылдың 22 ақпан күні «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде өткен «Туған жер. Экология. Мен» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференцияға биология пәні мұғалімдері Б.Сатдыкова мен Л.Мухитованың  жетекшілігімен мектебіміздің екі оқушысы қатысты. Атап айтсақ, 9б –сынып оқушысы А. Баймағамбетова «Энергияның дәстүрден тыс көздері» номинациясы бойынша өзінің «Сүт өнімдерін қалдықсыз өңдеу тетігі – биогаз» тақырыбында және  8а-сынып оқушысы Н.Байзуллина «Қалдықты пайдаға айналдыру» номинациясы бойынша өзінің «Пластикалық ыдыстардың қоршаған ортаға зияны және экономикадағы тиімділігі» тақырыбындағы ғылыми жобаларын қорғап, мектебіміздің намысын қорғады.  Конференцияның қорытындысы бойынша  А.Баймағамбетова ІІ орынды жеңіп алса, Н.Байзуллина «Алғыс хатпен» марапатталды.