Тағылымды шара

2018 жылдың 12 қыркүйегі күні мұғалімдер мен ата-ана арасындағы байланысты нығайта отырып, жас ұрпаққа сапалы біліммен, саналы тәрбие берудің,жаңашаланған формаларына бағыт-бағдар беру, мұғалімдер мен ата-аналарға бала құқығының сақталу жолдарына және болашағына білім мен тәрбие рөлінің ерекшелігін атап көрсету, оқушылардың өмірдегі қызығушылығы мен оларды қызықтыратын жайттарды анықтау, оған ата – анамен байланыса отырып бағыт бағдар беру мақсатында «Отбасы – бақыт мекені» дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстел отбасы туралы ой қозғаудан басталып, бейнероликтерді қарап, талдау жасаумен жалғасты. Оқушылардың көпшілігі өз ойларын еркін, ашық түрде мысалдар келтіре отырып жеткізе білді. Ерекше көзге түсіп және ойларын емін-еркін айтып, көбірек атсалысқан 9а-сыныбының оқушылары Ишанова Ә, Тілекбаева Ж. болды. Жағдаяттардан шығу жолдарын қарастырып, кейін тренингке кезек берілді. Құрбы-достар ортаға шақырылып, бір-бірінің қасиеттері мен жеке ерекшеліктеріне орай сұрақтарға жауап берді. «Тілек шамы» арқылы алдағы уақытқа оқушылар бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтып дөңгелек үстелді қорытындыладық.

Тәлімгер және «Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі А.Бисоковтың ұйымдастыруымен өткен шарада оқушылар отбасының маңызы мен қасиеті туралы мол мағлұмат алып, кеңірек ой бөлісті.