Тағылымды шара

2018 жылдың 13 желтоқсаны күні М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында өскелең жас ұрпақтың еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімдерін нығайту мақсатында 5-10 сынып оқушылары арасында «Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік» атты патриоттық әндер байқауы өткізілді.

Шара қорытындысы бойынша 6-сынып оқушылары Қуанышкерей Толғанай мен Жарасқызы Айшат жүлделі ІІІ орынға ие болса, 7-сынып оқушысы Жандаулетов Ерасыл ІІ орынға, 5-сынып оқушысы Қармыс Нұрәлі барша көрерменді әуенді әдемі дауысымен таңдандырып  жүлделі І орынға ие болды. Сазды байқау өз мақсатында жетті.