Тағылымды кеш

2018 жылдың 20 ақпан күні Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қ.Мырзалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Қадыр Мырза-Әлі өлеңдерін насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында VІ облыстық «Қадыр оқулары» байқауы болып өтті. Аталмыш өнер – білім сайысына мектебіміздің жас ақыны, 10а-сынып оқушысы Е.Ибатов «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін…» бағамы бойынша ақындық бәсекеде бақ сынаса, 6а-сынып оқушысы Н.Қамидолла «Сөздің бәрі құдіретті…» бағамы бойынша ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Ал, 10а-сынып оқушысы Н.Бақытжан болса «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, кейбір жырым бақташы боп жүр маңда» бағамы бойынша ақынның сөздеріне жазылған «Тамаша», «Махаббат мұңы» әндерін орындап, көрермен көңілінен шыға білді. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығы аудан әкімінің «Алғыс хаты» мен сыйлығына ие болса, өз өнерімен Б.Нұралы ІІІ орын алып, жүлдегер «Дипломымен»  марапатталды.