Тағылымды кеш

Мектебімізде 2018 жылдың 8 қазаны күні тәрбиешілер әдіс бірлестігі апталығы барысындағы «Қазақ әндері» жобасы аясында тағылымды кеш оздырылды. Шараның мақсаты оқушылардың бойында азаматтық патриоттық қасиеттерді қалыптастыру.Халқымыздың баға жетпес қазынасы –әнді насихаттау, әннің тарихымен, көрнекті тарихи тұлғалармен, ән өнерінің музыкалық және мәдени мұрасының ерекшеліктерін ұғындыру болды. Аталған шара музыкалық әдеби- монтаж түрінде ұйымдастырылды. Кеш барысында қонаққа келген «Халық ағалары» вокалды тобы оқушыларға адамгершілік, отбасы, сыйластық туралы әндер арқылы тәрбиелі ойларын білдірді. Қорытындысында бірнеше қазақ әндерін шырқап, көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлаған өнерпаз ағаларды мектеп-интернат директоры Майра Сансызбайқызы құттықтап, «Алғыс хатпен» марапаттады.