Тәрбиелік шара

2018 жылдың  9 -қазаны күні  М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында “Бақытыңды балаңнан ізде” тақырыбында ата-аналармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты:  ата – ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір – біріне деген сезімді нығайту. Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері екенін ескеріп, мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу болды. Мектеп-интернат тәрбиешілері Қ.Абдрахманова мен Б.Сұлтанова ұйымдастырған шараға 7а-сыныбының       8 ата-анасы қатынасты. Әртүрлі әдістер арқылы өткен тәрбиелік жұмыста шығармашылық тапсырмалар көптеп қолданылды. Дөңгелек үстел қанатты сөздермен, бала тәрбиесі жөнінде ақын өлеңдерімен қорытындыланды.