Сынып жетекшілерге арналған тренинг

2018 жылдың  08 ақпан күні  мектеп психологы А.Қалидың ұйымдастырумен сынып  жетекшілердің мектеп психологымен ынтымақтастығын арттыру мақсатында «Өмір  жолы» атты тренингі   өткізілді. Тренингтің мақсаты: Сынып  жетекшілерге   өзін-өзі тану себептерін туындату. Өзін-өзі тануға және рефлексияға жетуге дағдыландыру.

 

 Тренингке  сынып  жетекшілер  3  топқа  бөлініп қатысты.

 

 

Ұйымдастыру барысында  1 –кезең бойынша сынып  жетекшілерге  түрлі-түсті стикерлер  таратылып,  соған   бір  уақыт  жиілік аралығында  болған жақсы  жаналықтары мен  қуанышты жағдайларын,   берілген  стикерлерге  сурет  ретінде  бейнелеп, тақтаға  шығып  «Өмір жолы»  атты  сызылған  жолға  жапсырып  түсіндіру. Дәл  солай   әр топтан   қатысулар  шығады. Ал 2- кезең  бойынша арнайы  доп  арқылы бір қатысушы екінші қатысуға сол адамның  куанышты  жағдайын  айтып, доп  келесі  қатысушыға  лақтырып  жалғастыру тапсырмасы болды. Әрі қарай жұмыс педагогтердің өздеріне және бір-біріне деген сенімділіктерін  арттыру мақсатындағы тренингтермен жалғасты.

 

Шара соңында сынып  жетекшілер ойларын қорытып, алған әсерімен бөлісіп, бір-біріне  тілек айтылды.