«Ұстаз деген жарқын күні ғаламның» атты мерекелік шара

М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында ағымдағы жылдың 3 қазанында мұғалімдер күніне орай 11 сынып жетекшілері мен тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Ұстаз деген жарқын күні ғаламның» атты мерекелік шара оздырылды. Шара барысында 11 сынып оқушылары ән айтып, би билеп, көрініс қойып өз өнерлерін ұстаздар қауымына паш етті. Сонымен қатар, мереке қарсаңында ұстаздарымызға білім басқармасының Құрмет грамотасымен және мектепішілік Алғыс хаттар табыс етілді.