«Шаңырақ шаттығы»

2017 жылдың 24 қараша күні  қыркүйек, қазан  айларында  туған оқушыларды  құттықтау,  оқушылардың бойына қуаныш, шаттық сезім ұялату, өзара сыйластыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу, ұйымшылдықты қалыптастыру, белсенді оқушыларды  үлгі ету мақсатында мектебімізде «Шаңырақ шаттығы»  ойын-сауық бағдарламасы өткізілді. Шара музыкалық, ойын-сауықтық бағытта жүргізілді. Кеш барысында әндер айтылып, би биленді, туған күн иелеріне тосын сыйлар дайындалып, ойындар ойнатылды. Ойын-сауық өте қызықты, мазмұнды өтті.