Сергіту сәті ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 9 ақпанында мектебімізде «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері арасында ұжымдық, достық қарым-қатынасты жақсарту мақсатында мектеп тәлімгері А.Бисоковтың ұйымдастыруымен тимбилдинг өткізілді. Шараға 8-10 сынып оқушылары қатысты. Сергіту сәтінен басталған шара барысында оқушылар түрлі-түсті ленталар арқылы топқа бөлініп, топтық жұмыстарлы бірлесе ұйымшылдықпен орындады.