«Сенің өмірің – сенің таңдауың» атты дебат

М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының жоспарына сәйкес  А.С.Бисоков пен А.Т.Тастемированың ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 26 қарашасында 8-9 сынып оқушыларына салауатты өмір сүруге насихаттау,  қазіргі қоғамымыздағы белең алған адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі дерттерден сақ болуға, одан қорғана біліп, позитивтік өмірлік ұстанымын қалыптастыру мақсатында «Сенің өмірің – сенің таңдауың» атты дебат өткізілді.  Дебатқа оқушылар белсене қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді.