«САНАЛЫ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» АТТЫ БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН

2019 жылдың  1 қыркүйегінде  М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға білім басқармасының бас маманы Е.А.Туленов, ардагер ұстаздарымыз Д.А.Ахметова, К.Ғ.Құспанова, ата-аналар, оқушылар және ұстаздар қауымы қатысты.

Сонымен бірге, салтанатты жиыннан кейін 5-11 сынып аралығында «Өзіме қажет-елге қажет», «Ертеңгі күнге терезесі бар мектеп», «Біз сыбайлас жемқорлыққа-қоғамдық мүдделерді сатқындауға қарсымыз» аты бірыңғай «Адалдық сағаттары» оздырылды.