«Сәкен-жырдың сарқылмас дариясы» атты облыстық байқауы

Ағымдағы жылдың 14 қазанында жазушы, ақын, қоғам қайраткері С.Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай, дәстүрлі «Сәкен-жырдың сарқылмас дариясы» атты облыстық Сәкен оқуында «Сәкен әндерін орындау» номинациясы бойынша ақынның ән мұрасын ерекше шеберлікпен орындап, шығармашылық қабілетін көрсете білген мектеп-интернатымыздың 6 сынып оқушысы Қармыс Нұрәліні ІІ орын алуымен құттықтаймыз. Жетекшісі Ерболат Ероллаұлы мен Қармыс Нұрәліге жетер жетістіктеріңіз көп болсын демекпіз!