«Рухани жаңғыру-құндылық бастауы» атты тәрбиешілер апталығы

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы ұлттың алдағы кезеңде жүріп өтер айқын жолын көрсеткен тарихи құжатқа айналды.

Сана-сезімі биік, дүниетанымы мол, парасаттың, мәдениеттің, салт-дәстүрдің құндылығын түсінген адамға бұл мақалада ұлттың алдағы кезеңдегі жүріп өтер бағыт жолы айқындалған. Өткеніміз бен бүгінгімізді саралап, кемел келешегімізді бағамдап, дұрыс жол таңдауда кейінгі ұрпаққа берері мол. Осыған орай ағымдағы жылдың 14 қазанында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Рухани жаңғыру-құндылық бастауы» атты тәрбиешілер  апталығының ашылуы өткізілді.