«Рухани жаңғыру-болашақ кепілі»

2018 жылдың 22 ақпан күні М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының       9-сынып оқушылары  кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында Орал қаласындағы  МЕББМ Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау мақсатындағы өткізілген «Рухани жаңғыру-болашақ кепілі» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысып қайтты. Шара қорытындысы бойынша мектебіміздің 9-сынып оқушылары  Г.Құттығали, А.Сагидуллиева, С.Кульмуханова, А.Мұратова және оқушылардың жетекшісі, педагог-психолог Қали Айбек Нұрланұлы дипломдармен марапатталса, «Латын әліпбиіне көшу-рухани жаңғыру талабы» атты дөңгелек үстелге қатысқаны үшін 9б сынып оқушысы Г.Құттығали  «Алғыс хатқа»  ие болды.