Психологиялық тренинг

2017 жылдың 05 желтоқсан күні 11–сынып оқушыларына  «Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау» тақырыбында  тренинг  өткізілді. Тренингтің мақсаты: оқушыларға  ҰБТ-ға дайындық барысында  көмек беру. Оқушыларға кеңес арқылы ҰБТ-ға дайындық  жағдайын бақылау мен анықтау мақсатында оқушының таңдаған пәні, бос уақытын қалай ұйымдастырады, дайындық барысында қандай кедергілер бар, мазасыздық деңгейі қаншалықты,  бүгінде қандай қиыншылықтар кездесуде, болашақта жоспары қандай, қай пәнге қызығушылығы жоғары және тағы да басқа пікірлерімен бөлісіп, уақытты қалай тиімді пайдалану туралы қосымша   мәліметтер берілді. Қорытынды бөлімде оқушылардың берген жауаптары талданып , алдағы  уақытта оқушылардың ҰБТ-ны сәтті тапсыруларына  жүрекше арқылы  тілектері  айтылды.