Педагогткалық кеңес

2018 жылдың қараша айында  «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және алда тұрған міңдеттер» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.

Функционалдық сауаттылықтың негізгі міңдеті – мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлануын қалыптастырып және де баланы өз бетіңше шешім қабылдауға дағдыландыру.

 Топтық жұмыс ұйымдастыру барысында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктеріне тоқталып, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда басшылыққа алынатын сапалар туралы айтылды.

 

Функционалдық сауаттылық нені қамтиды? деген сұрақтар төңірегінде ұстаздар қауымы өз ойларын ортаға салып, өз тәжірибелеріңде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруда қандай жұмыстар атқарып отырғандары туралы атап өтті.  Топтық жұмыстың соңында «Басқарушы қол» рефлексиясы жасалынды.