Патриот айлығы

Облыстық білім басқармасына

 

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының

2018 жылғы  09.04  №3-8/1831 хатына

ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 26 жыл және Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған  

«Патриот» айлығының өткізілуі жөнінде ақпарат

 

М.Өтемісұлы атындағы  облыстық  сауықтыру  мектеп-интернатында 07 сәуір – 07 мамыр аралығында «Патриот» айлығы өткізілді. Айлықтың  мақсаты оқушыларға патриоттық тәрбие беру арқылы ұлтық намыс, елжандылыққа тәрбиелеу, Отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру. Олардың  бойында Отанға, елге, елі үшін еңбек еткен, жанын қиған ардагерлер мен батырлар ерлігіне  деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін ояту. Халқымыздың тарихындағы ерлік пен қаһармандықтың мол үлгілерін насихаттай отырып, ұлттық сана-сезімді дамыту, батырлыққа, ерлікке, батылдыққа, шапшаңдық пен іскерлікке, қайсарлық пен қайраттылықа баулу.

Айлық шеңберіндегі және мерекелік күндерге арналып өткізілетін шаралар алдын-ала жоспарланып, әзірленіп, бекітілді және уақытында өткізілді.

«Патриот» айлығы барысында мектепішілік «Жалын» радиоторабы арқылы әр апта сайын  «Есімдері мәңгі есте», «Олар жеңіспен оралды» тақырыптарында радиохабарлар берілді.

«Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбында қабырға газеттерінен және буклет, макеттер жасаудан 5-10 сыныптар аралығында  көрме өткізілсе,  мектеп  кітапханасында  «Есімдері мәңгі есте» тақырыбында кітап көрмесі,  әдеби  оқулар ұйымдастырылды.

19-20 сәуір күндері оқушыларды ептілікке, шапшаңдыққа, қиыннан қиыстырар сәттерде шешім қабылдай білу, жол таба білуге машықтандыру үшін 9-10 сыныптарда «Алау» әскери-патриоттық  (алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Ж.Сүлеев), 7-8 сыныптар үшін  «Әскери кедергілер алабынан өту» атты спорттық эстафеталық ойындар (дене шынықтыру пәні мұғалімі С.Давлетов) ойнатылды.  

ҚР Қарулы Күштерінің құрылуына 26 жыл және Отан қорғаушылар күніне орай  3 мамырда  Еліміздің болашақ сарбаздарын ынталандыру мақсатында саптық шеруден  5-8 сыныптар арасында жарыс оздырылды. Саптық шеруде топтың аты, ұраны, төсбелгісі және патриоттық әні болуы талап етіліп, өз мәресіне жетті. Бұл шарада қойылған талаптарға сай  өнер көрсетіп, бас жүлде-7а,  І орын-7б, ІІ орын-8б, 6б, ІІІ орынды-5 және 6 а сыныптары иеленді. 

«Патриот» айлығы аясында әр сыныптарда «Ерлікке тағзым», «Отты жылдар», «Ер есімі-ел есінде»,  «Есте сақтаймыз! Мақтан тұтамыз» , «Отан үшін от кешкендер», «Мәншүк ерлігі» т.б. тақырыптарды қамтыған ерлік сабақтары  өткізілуімен қатар, жоспар және кестеге сай документальды және көркем кинофильмдер көрсетілді. Сондай-ақ, сынып жетекшілері және  тәрбиешілерімен Орал қаласының Даңқ мұражайына, «Мәңгілік алау» алаңдарына саяхатқа барды. Айлық барысында 6-10 сыныптарға «Сол ұлы жылдарға бас иеміз» тақырыбында шығармалар сайысы, 5-10 сынып оқушылары арасында  «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы оздырылды.

26 сәуір күні Ауған соғысы ардагерлерлерімен  «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбында кездесу кеші (тәрбиешілер М.Ж.Жайманова, М.О.Нургалиева) өткізілді. Бұл шарада  Батыс Қазақстан облысы Ауғанстан ардагерлерінің Одағы Қоғамдық бірлестігінің төрағасы О.В. Пимоновпен,  осы бірлестіктің төраға орынбасары М.А. Нурканов және Ауған соғысының ардагері, «Қызыл  жұлдыз» орденінің иегері М.Ж.Есбулатовпен кездесіп, отты жылдардың естеліктерін тыңдады.

Патриоттық жігер мен рухты қалыптастыру мақсатында «Біз жеңісті жырлаймыз!» тақырыбымен ән мәтініне сай сахналық көрініспен көмкерілген патриоттық, жауынгерлік ән байқауы оздырылды. Жалпы бұл айлық барысындағы іс –шаралар тиянақты жоспарланып жүзеге асырылды, мектеп оқушылары, сынып жетекшілер мен тәрбиешілер және «Жас Ұлан» балалар ұйымының мүшелері белсенділік танытып, жұмыла ат салысып қатысты. Жоспар бойынша өткізілген барлық шараларда оқушыларды ынталандыру үшін орындар, номинациялар тағайындалып, «Патриот» айлығының қорытындылау салтанатты жиынында табыс етілді.

 

Мектеп-интернат директоры                              Есенгазиева М.С.

М.Ескалиева

50-28-56

 

М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернаты

ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 26 жыл және Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған  «Патриот» айлығының өткізілуі жөнінде фотоақпарат

 

«Үлкендер жолы  ұлылық,ұрпағы жүрер ұғынып»

кездесу кеші

БҚО Ауғанстан ардагерлерінің Одағы Қоғамдық бірлестігінің төрағасы О.В. Пимоновпен,  төраға орынбасары М.А. Нурканов және Ауған соғысы ардагері, «Қызыл  жұлдыз» орденінің иегері М.Ж.Есбулатовпен кездесуден естелік

 

 «Біз Жеңісті жырлаймыз!» атты  әскери-патриоттық, жауынгерлік әндер байқауы

5, 6б сыныптарының «Әлия», «Ана туралы  баллада» әндерін бейнелеуі

9в, 7а сыныптарының соғыс жылдарындағы әндерден көрінісі

Қазақ халқының әр жылдардағы тарихынан сыр шертіп, 8 а сыныбы «Мен қазақпын» әнімен оқушыларға патриоттық рух берді.

«Патриот» айлығы шеңберіндегі «Саптық шеру-2018» сайысынан көрініс

7-8 сыныптар үшін  «Әскери кедергілер алабынан өту» атты спорттық эстафеталық ойындар шарасы

9-10 сыныптарда «Алау» әскери-патриоттық ойындар және жаттығулар көрінісі

 

«Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран»

тақырыбындағы көрме