«Отбасы күніне» арналған шара

М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында

10-15 қыркүйек аралығында тәлімгер А.С.Бисоковтың ұйымдастыруымен «Отбасы-бақыт мекені» атты апталық оздырылды. Осы апталықтың шеңберінде 5-11 сынып оқушылары арасында «Мен өз отбасымды сүйемін» тақырыбында сурет көрмесі өтті. 5-7 сынып оқушылары сурет салса, 8-11 сыныптың оқушылары фотосуреттерден коллаж, буклеттер жасап, апталығымызға өзіндік бір сән берді. Сурет көрмесіне белсене атсалысқан 6б-сыныбын атап көрсетуге болады,сынып жетекшісі Адилбаева Л.Қ.

Осы жұмыстарға жетекшілік жасап, оқушыларды жұмылдыра білген көркем өнер және технология пәндерінің мұғалімдері Ғайнеденов М.Р пен Искакова Э.С сынды ұстаздарымызға алғыс білдіреміз.

Оқушыларымызға таудай талап тілеп, өнерлері өрге жүзіп, шығармашылық қабілеттері шыңдала берсін дейміз.