«Отбасы – бақыт мекені» атты жалпы ата-аналар жиналысы

Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының адал азаматы  болып жетілуін қалайды. Ата-ана перззентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуі шарт. Қазақтың:»Баланың бас ұстазы- ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Осы орайда ағымдағы жылдың 15 қазанында мектеп-интернатымызда «Отбасы – бақыт мекені» атты жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында ата-аналарға мектептің ішкі тәртібі, қауіпсіздік ережелері, балалар мен жасөспірімдердің бойында позитивтік өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруда және жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу мақсатында кеңестер берілді.