Облыстық «Қадыр оқулары» оздырылды

2019 жылдың 14 наурызы күні «Дарын» қосымша білім орталығында   облыстық мектеп оқушылары арасында «Қадыр оқулары» байқауы оздырылды. Жас оқырмандар арасында Қадыр өлеңдері мен әндерін кеңінен насихаттау  мақсатында  өткен шараға аудан, облыс мектептерінің бірнеше оқушысы қатысып, өз бақтарын сынады.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Алла Ержанқызының жетекшілігімен М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернаты атынан 11а-сынып оқушысы Ибатов Еркетаң мен 7б-сынып оқушысы Қошқарбаева Жақұт, сондай-ақ ән жанры бойынша музыка пәні мұғалімі Ерболат Ероллаұлының жетекшілігімен мектебіміздің жас әншісі, 5-сынып оқушысы Қармыс Нүрәлі қатысып, өз өнерлерін облыс көлемінде танытты. Байқау нәтижесі бойынша «Жас ақындар» бөлімінен Ибатов Е І орын, «Жас әншілер» бөлімінен Қармыс Н ІІ орын және жас мәнерлеп оқу шеберіміз Қошқарбаева Ж «Алғыс хатпен», сондай-ақ үшеуі де  сыйлықтармен марапатталды.