Ағымдағы жылдың 11 қазанында мектеп-интернатымыздың 6 сынып оқушылары «Өз жеріңді танып, біл!» акциясы аясында туған өлкесін іс жүзінде танып, білу мақсатында облыстық тарихи өлкетану музейіне сапар шегіп, білімдерін толықтырды.

М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында ағымдағы жылдың 3 қазанында мұғалімдер күніне орай 11 сынып жетекшілері мен тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Ұстаз деген жарқын күні ғаламның» атты мерекелік шара оздырылды.

М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында ағымдағы жылдың 3 қазанында бірыңғай Эко-сағат өткізілді. Эко-сағат аясында 5-9 сынып оқушыларына «Жаһандық жылыну», 7-9 сынып оқушыларына «Судың да сұрауы бар», 5-8 сынып оқушыларына «Тылсым табиғат», 9-11 сынып оқушыларына «Жасыл желек – ғаламшар өкпесі», 5-11 сынып оқушыларына «Киелі мекен сырлары» атты танымдық сабақтар өткізілсе, мектеп жанына жасыл желектер отырғызылды.

Ағымдағы жылдың 1 қазанында М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында 1 қазан – Халықаралық қариялар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік шара оздырылды. Мерекелік шараға мектеп-интернатымыздың ардагер ұстаздары мен қызметкерлері қатысып, алғыстарын білдіріп, жас өрендерімізге баталарын берді.

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында және білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облысындағы өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру мақсатында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың облыстық байқауы өткізілді.