М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында ағымдағы жылдың 16 қазанында тәрбиешілер апталығы аясында оқушыларға қазақ ұлтының үш бәйтерегінің бірі Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығын таныстыру мақсатында «Бейімбет –сан қырлы суреткер» атты әдеби кеш өткізілді.

Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының адал азаматы  болып жетілуін қалайды. Ата-ана перззентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуі шарт.

Ағымдағы жылдың 14 қазанында жазушы, ақын, қоғам қайраткері С.Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай, дәстүрлі «Сәкен-жырдың сарқылмас дариясы» атты облыстық Сәкен оқуында «Сәкен әндерін орындау» номинациясы бойынша ақынның ән мұрасын ерекше шеберлікпен орындап, шығармашылық қабілетін көрсете білген мектеп-интернатымыздың 6 сынып оқушысы Қармыс Нұрәліні ІІ орын алуымен құттықтаймыз. Жетекшісі Ерболат Ероллаұлы мен Қармыс Нұрәліге жетер жетістіктеріңіз көп болсын демекпіз!