Мақсаты: Оқушыларға күнделікті ойнап жүрген Рубик кубигі туралы толық ақпарат беру, олардың бойында көшбасшылық қабілеттерін дамыту, жылдамдық пен ептілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

2018 жылдың 12-13 қараша күндері 5-11 сынып оқушыларына арналған «Бала құқығы-адам құқығы» атты бұрыш жабдықталды. 13 қараша күні тарих және құқық пәндерінің мұғалімдері А.Н.Хатешов пен Г.С.Сармалаеваның ұйымдастыруымен  8-10 сынып оқушыларына «Заң бәрімізге ортақ» атты дөңгелек үстел, 14 қараша күні  10 сынып тәрбиешілері А.М.Тапалова мен Г.Қ.Дүйсенғалиеваның ұйымдастыруымен 9-10 сынып оқушыларына  «Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады» атты зияткерлік құқықтық ойыны өткізілді