«Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық онқүндік барысында 19-23. қараша күндері аралығында  5-11сынып оқушылары арасында «Бақытты балалық шақ» атты флеш-моб ұйымдастырылды. Ұзақ үзіліс кезінде ұйымдастырылған би алаңына оқушылар қызығушылықпен қатысып, бар өнерлерін ортаға салды.

М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының жоспарына сәйкес  ағымдағы 2018 жылдың 20-22 қараша аралығында  5-10 сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-ана мен бала арасындағы спорт мәдениетін кең тарату, ұйымшылдық, өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу мақсатында «Толағай» отбасылық спорттық сайысы оздырылды.  Сайысқа әр  сыныптан ата-анасы және 2 ұл, 2 қыз белсене қатыса білді.

2018 жылдың 12 қыркүйегі күні мұғалімдер мен ата-ана арасындағы байланысты нығайта отырып, жас ұрпаққа сапалы біліммен, саналы тәрбие берудің,жаңашаланған формаларына бағыт-бағдар беру, мұғалімдер мен ата-аналарға бала құқығының сақталу жолдарына және болашағына білім мен тәрбие рөлінің ерекшелігін атап көрсету, оқушылардың өмірдегі қызығушылығы мен оларды қызықтыратын жайттарды анықтау, оған ата – анамен байланыса отырып бағыт бағдар беру мақсатында «Отбасы – бақыт мекені» дөңгелек үстел болып өтті.