2018 жылдың 15 желтоқсаны күні М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында жас жеткіншектерге қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын түсіндіре отырып, қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында «Азаттықтың ақ таңы» атты сахналық қойылым қойылды. Тәрбиешілер Айболсын Тастемірқызы мен Толқын Сабырғалиқызының жетекшілігімен сахналанған көрініс өте тамаша орындалып, жас актерлар көрермен ықыласына бөленді.

2018 жылдың 13 желтоқсаны күні М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында өскелең жас ұрпақтың еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімдерін нығайту мақсатында 5-10 сынып оқушылары арасында «Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік» атты патриоттық әндер байқауы өткізілді.

2018 жылдың 11 желтоқсаны күні М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында тарих пәні мұғалімдері Анарбек Нұрболатұлы мен Гүлайым Сабырғалиқызының ұйымдастыруымен оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын, қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларының ерлігін айта отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау мақсатында 9-10 сынып оқушыларына арналған «Тәуелсіздік текке келмеген» атты дөңгелек үстел өткізілді.

2018 жылдың 08 желтоқсаны күні М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында «Көшбасшы мектебі» жобасы аясында оқу үрдісінде функционалдық сауаттылықты дамыта отырып, жан-жақты тұлғаны қалыптастырудың жолдарын жетілдіру мақсатында облыстық білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Тұлға құзіреттілігін дамыту – функционалдық сауаттылықтың негізі» атты ашық есік күні оздырылды.