М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында  ағымдағы жылдың 22 қаңтар күні педагогикалық кеңесте қазіргі қоғамымыздағы ата-ана мен оқушы немесе оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты айқындап, жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеуде ұстаздардың белсенділігін, жауапкепшілігін нығайту мақсатында «Жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу бүгінгі күннің маңызды талабы» атты коучинг өткізілді.

М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы барысында оқушылардың бойына мәңгілік адамзаттық құндылықтарды сіңіртіп, өмірден өз орнынадаспай тауып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мақсатында сынып жетекшілер тарапынан 5-11 сынып оқушыларына тәрбие сағаттары оздырылды.