Ағымдағы жылдың 6 ақпан күні «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен І облыстық дебаттық «Ұшқыр ой алаңы» атты турниріне мектебіміздің оқушылары қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Оқушыларымыз бен жетекшісі А.Тастемироваға жетер жетістіктеріңіз көп болсын демекпіз.

Ағымдағы жылдың 6 күні М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында оқушылардың мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейтіп, мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіріп, өзара сыйластық қарым-қатынасын дамыту мақсатында 5-11 сынып оқушыларына мектеп психологы М.Жумабаеваның ұйымдастыруымен «Мейірімділік – сенім есігін ашады» атты психологиялық тренинг өткізілді.