2019 жылдың 14 наурызы күні «Дарын» қосымша білім орталығында   облыстық мектеп оқушылары арасында «Қадыр оқулары» байқауы оздырылды. Жас оқырмандар арасында Қадыр өлеңдері мен әндерін кеңінен насихаттау  мақсатында  өткен шараға аудан, облыс мектептерінің бірнеше оқушысы қатысып, өз бақтарын сынады.