М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында ағымдағы жылдың 26 ақпанында 9, 11 сынып оқушыларының мамандық таңдаудағы жауапкершіліктерін қалыптастыру, бағыт-бағдар беріп, психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Мамандық таңдау – ең маңызды мәселе» атты дөңгелек үстел оздырылды. Аталмыш шараға Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық колледжінің өкілдері қатысып, оқушылардың сауалдарына жауап берді.

Ағымдағы жылдың 12 ақпанында мектебімізде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігінің жабылу салтанаты өтті. Онкүндікті жоспарлап, жүйелі түрде өтуін қадағалап, оқушылар мен мектеп ұжымының рухани азық алуына себепкер болған өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Г.Кажиеваға алғыс білдіреміз. Онкүндік жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.

Ағымдағы жылдың 11 ақпанында М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік аясында оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру, көпшілік алдында сөйлеу мәнерін қалыптастыру мақсатында «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты READx жобасы өз бастауын алды. Аталмыш шараға 8-10 сынып оқушылары мен мектеп кітапханашысы Б.Қожабаева белсене қатысып, өз оқыған шығармаларымен бөлісті.

Ағымдағы жылдың 8 ақпанында М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік аясында оқушыларға адами құндылықтарын дамыту, рухани адамгершілік қағидаларды өз бақыты үшін дұрыс қолдана білу, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты театрландырылған қойылым көрсетілді. Аталмыш шараға оқушылар белсене қатысып, 7 сынып оқушысы Жандаулетов Ерасыл қойылымды «Сәби бақыты» әнімен қорытындылады.