М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында ағымдағы жылдың 19 ақпанында «Табиғат әлемі сыр шертеді» атты апталық аясында география пәнінің мұғалімі Б.Ескендировтың ұйымдастыруымен «Географиялық алаң» тақырыбында интеллектуалдық ойын өтті. Мақсаты: оқушылардың дүниетанымын кеңейту, картамен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру, географиядан алған білімдерін дамыту.

М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында 7-10 сынып оқушылары арасында діни экстремизмнің алдын алу бойынша оқушылардың діни сауаттылықтарын ашу, қатер төндіретін жат ағымдардан сақ болуға, оқушыларды діни сауаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Қазақстандағы теріс ағымдағы діни экстремизм және терроризм қауіп-қатері» атты теолог маманмен кездесу өткізілді.

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында балалар мен жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен таныту, балаларды әртүрлі экстремальды жағдайларда іс-қимыл дағдыларын қалыптастыру, төтенше жағдайлармен қауіп-қатер туындаған кезде жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселесіне жауапты көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ жасөспірімдерді әскери-патриоттыққа тәрбиелеу, құтқарушы мамандығын насихаттау мақсатында 9-10 сыныптар арасында «Жас құтқарушылар» жарысы өткізілді.

Ағымдағы жылдың 9 ақпанында мектебімізде «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері арасында ұжымдық, достық қарым-қатынасты жақсарту мақсатында мектеп тәлімгері А.Бисоковтың ұйымдастыруымен тимбилдинг өткізілді. Шараға 8-10 сынып оқушылары қатысты. Сергіту сәтінен басталған шара барысында оқушылар түрлі-түсті ленталар арқылы топқа бөлініп, топтық жұмыстарлы бірлесе ұйымшылдықпен орындады.

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында «Қауіпсіз интернет» атты республикалық ақпараттық компаниясы аясында бүкіләлемдік өрмек интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында тәрбиеші Айболсын Тастемірқызының ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушылары арасында «Интернттің пайдасы мен зияны» атты дебат сайысы өткізілді.