Ағымдағы жылдың 26 сәуірі күні мектебімізде жазушы Б.Майлиннің 125 жылдық мерейтойына орай және оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау, кітап оқуға деген қызығышылығын арттыру, көпшілік алдында сөйлеу мәнерін қалыптастыру мақсатында «Жазушы өмірінің бір белесі» атты READx жобасы жалғасын тапты.

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында «Қазақстан-мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы аясында «Жақсылық жасауға асығайық» атты қайырымдылық акциясы оздырылды. Қайырымдылық акциясына мектепішілік қамқоршылық кеңес төрайымы Нұргүл Елемесқызы, кеңес мүшесі Алия Энгельсқызы және жеке кәсіпкер Армат Жайлауұлы демеушлік білдірді. Мектеп-интернатымыздың тәрбиеленушілеріне мейірім нұрын сепкен алтын жүректі жандарға алғыс білдіреміз!

Ағымдағы жылдың 6 наурызында М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында мектеп оқушыларының бойына адалдық, шыншылдық қасиеттерін дарыту мақсатында «Адалдық дүкені» атты акция өткізілді.

Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының 5 сынып оқушысы Қармыс Нұрәлі ұлттық «Бала дауысы-2019» байқауына қатысып, лауреат атанды. Жетекшісі Ерболат Ероллаұлы мен оқушымыз Нұрәліге жетер жетістіктеріңіз көп болсын демекпіз!