М.Өтемісұлы атындағы облыстықтық сауықтыру мектеп-интернатының 7 сынып оқушылары мен бір топ мұғалімдері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен қала күні аясында ҚР Тұңғыш Президенті алаңында ашылған «Ақжайық» этноауыл ұлттық мәдени кешенін тамашалап қайтты.

2019 жылдың 9 қыркүйегінде  М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында «Отбасы –бақыт мекені»  апталық аясында 10-11 сынып оқушыларына баланың ата-анаға деген махаббатын нығайту, отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үйлкенді сыйлауға, ілтипатты болуға тәрбиелеу мақсатында меектеп психологы М.Жумабаеваның жетекшілігімен «Отбасы –  аяулы алақан мекені» атты тренинг өткізілді.

2019 жылдың  1 қыркүйегінде  М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға білім басқармасының бас маманы Е.А.Туленов, ардагер ұстаздарымыз Д.А.Ахметова, К.Ғ.Құспанова, ата-аналар, оқушылар және ұстаздар қауымы қатысты.

2019 жылдың 30 сәуірі күні мектебімізде «1 мамыр -Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесіне орай «Достық әнін жырлайық» атты мерекелік концерт оздырылды.