Мектептің даму жоспары

МЕКТЕПТІҢ  ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ:

«Жаңартылған бағдарламаны енгізуде мұғалімдердің кәсіптік шеберлігі мен құзыреттілігін қалыптастыру»     

Мектеп ұжымының 2018-2019 оқу жылына жоспарлаған мақсаттары мен міндеттері

Мақсаттары: 

1 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаетың 2017 жылғы сәуір айындағы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында және білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерді іске асыруда білім беру мазмұнын жаңарту бағыттарын анықтау
2 Білім беру мазмұнын жаңартуда педагог мамандардың кәсіби қалыптасуын жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызу
3 Білім беру ұйымдағы инновациялық үдерістерді белсендіру мен қолдаудағы әдістемелік қызметтің рөлін күшейту
4 Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын ендіруге байланысты іс –шаралар жоспарын жүзеге асыру
5 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған.

76-қадам: 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасына қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.

79-қадам: Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу.

89-қадам: «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге  асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына«Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу.

Міндеттері:

  1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік білім стандартында көрсетілген міндетті базалық білім деңгейін, әрбір оқушының меңгеруін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру;
  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру. Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
  3. Оқушылардың білім сапасын арттыру, Ұлттық бірыңғай тестілеуге және оқу жетістіктерін сырттай бағалау жұмысында жүйелі дайындаудың әдіс – тәсілдерін жетілдіру;
  4. Үштілде оқыту үдерісін енгізу және дамытуға байланысты кешенді іс – шараларды ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру;
  5. Оқытудың мазмұны мен пішінін өзгертуде педагог мамандардың кәсіби өздік білімдерін көтеру мақсатында әдістемелік қызметтің, пән бірлестіктерінің жұмыс белсенділігін арттыру, кәсіби педагогикалық шеберлікпен шығармашылықты дамытуға бағытталған педагогтардың біліктілігін көтеру жұмыстарын жалғастыру;
  6. Мектеп жасындағы балаларды толық оқумен қамтамасыз ету және мектеп оқушыларын сабаққа қатысуына бақылауды күшейту, «Мектепке жол» және «Қамқорлық» акциялары жұмыстарын жалғастыру;
  7. Елбасының дәстүрлі халыққа жолдауы негізінде Қазақстандық патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, құқығымен еркіндікті құрмет тұтуға  тәрбиелеу жұмыстарын жандандыру;
  8. Инновациялық технологияларды меңгеруге, жаңартылған оқу бағдарламаларын (ұйымдастыру, ғылыми-әдістемелік, материалдық- техникалық, нормативтік) жүзеге асыруға жағдай туғызу;
  9. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың әдістері мен түрлерін жетілдіру;
  10. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында олардың қызығушылығына орай түрлі үйірмелерге тарту жұмысын жандандыру.

Мақсаттар мен міндеттердің орындалу кезеңдері

І кезең

2017-2018 оқу жылы

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ғылыми педагогикалық, әдістемелік кешендерді оқып –үйрену, зерделеу негізгі қиыншылықтарын анықтау. Деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалімдердің,  мектеп тренерлерінің, үйлестірушілердің қызмет мазмұнын анықтау. Басқару мен көшбасшылықты дамыту. Мұғалімдерді кәсіби дамыту.

ІІ кезең

2018-2019 оқу жылы

Оқыту мен оқу әдістерін жетілдіру. Қалыптастыратын және орнықтыратын тәжірибелер. Бағалау тәсілдерін дамыту. Оқушылардың жекелей дамуына ықпал ету. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мұғалімдер үшін семинар, коучинг, педагогикалық оқулар ұйымдастыру.

ІІІ кезең

2019-2020 оқу жылы

Алынған нәтижелерді жинақтау, талдау, нақты ұсыныстар енгізу. Нәтижелерді рәсімдеу және қорытындылау. Озат тәжірибе жетістіктерін енгізу.