«Мектебімізге -55 жыл» салтанатты кеш

2017 жылдың 13-18  қарашасы күндері  аралығында  Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектебінің 55 жылдық мерейтойы болып өтті. Мерейтой барысында зейнеткерлермен, мектеп түлектерімен кездесу өткізіліп, «Мұражай -мектеп шежіресі»тақырыбында мұражайда әңгіме сағаты, «Мектеп тарихын білесің бе?» атты зияткерлік сайыс, «Батырлықты дәріптеген дара тұлға» атты Махамбет оқуы оздырылды. Шаралар барыстарында тағылымды әңгімелер айтылып, мектеп оқушыларына мектептің тарихы жөнінде кең мәліметтер берілді. Салтанатты жиында әр жылдарда мектепті басқарған директорлар мен ардагер ұстаздар сөз алып, өздерінің ұжымдастарына , мектебіне деген мерекелік ақжарма тілектерін ақтарды. Сондай-ақ оқушылардың сомдауымен сахналанған «Махамбет» қойылымы көрермен көңілін бір толқытса, музыка жетекшілері мен оқушылардың орындауындағы «Аққу арман» әні де мерейтойға шашу болып шашылды. Жалпы сан жүректің жүрегіне жол тапқан, қазіргі күнде өз мектебіне сағынышпен аяқ басқан ардагер ұстаздар мен кеш қонақтары түрлі деңгейде өткен шараларға, оқушылардың өнерлеріне куә болды.