«Мамандық таңдау – ең маңызды мәселе» атты дөңгелек үстел

М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында ағымдағы жылдың 26 ақпанында 9, 11 сынып оқушыларының мамандық таңдаудағы жауапкершіліктерін қалыптастыру, бағыт-бағдар беріп, психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Мамандық таңдау – ең маңызды мәселе» атты дөңгелек үстел оздырылды. Аталмыш шараға Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық колледжінің өкілдері қатысып, оқушылардың сауалдарына жауап берді.