Мамандық-өмір таңдауы

М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатында 2018 жылдың 4 сәуір-4 мамыр аралығында мектеп түлектерінің арасында «МАМАНДЫҚ ӘЛЕМІ» атты айлық барысынан көрініс

9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру, ақпараттандыру мақсатында 10 сәуір күні тәрбиеші  С.С.Кушекқалиеваның жетекшілігімен «Мамандық-өмір таңдауы» тақырыбындағы кездесу кеші өткізілді. бұл шараға Орал қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мамандары, оқытушылары келіп өңірге қажетті мамандықтар туралы, оқуға түсу мүмкіндіктері туралы  ақпар  аттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.